Мәдениет

Өз аумағымызды таза ұстай білуге шақыру – әрқайсымыз үшін маңызды міндет

Мемлекет басшысы Ассамблея сессиясында сөйлеген сөзінде «Таза Қазақстан» акциясын халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам ретінде атап өтті. Ауыл тұрғыны ретінде бұл бастаманың мен үшін маңызы зор. Себебі біз ауылдық жерлерде өмір сүргенде табиғатпен, қоршаған ортамен тығыз байланыста боламыз. Таза аула, таза ауыл – бұл біздің ортақ парызымыз. Жақында ғана біздің ауылда да осы жобаға қатысып, өз ауламызды, көшелерімізді тазалау жұмыстарын жүргіздік. Бұл тек сыртқы көрініс емес, біздің ішкі дүниемізді, мәдениетімізді де қалыптастырады.

Президентіміздің айтып өткен «Таза Қазақстан» идеясы – тек қоқысты жинаумен ғана шектелмейді. Бұл бүкіл ұлттың тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру, жастарға дұрыс тәрбие беру, олардың бойында ұқыптылық пен қамқорлық сезімдерін ояту. Ауылымызда жастардың көпшілігі бұл бастаманы қуана-қуана қабылдап, өз ауласын ғана емес, қоғамдық орындарды да тазалауға белсене қатысуда. Бұл – шынайы отаншылдықтың белгісі.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауыл тұрғындарын бірлесіп жұмыс істеуге, өз аумағымызды, өзімізді таза ұстай білуге шақыру – әрқайсымыз үшін маңызды міндет. Қоқысты бір жерге жинау ғана емес, еліміздің тұтастығын, берекесін сақтау жолында жауапкершілік сезімін арттыруға болады. Осы бастама еліміздің әрбір тұрғынының бойында тазалыққа, экологиялық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Боранов Серікбай, ауыл тұрғыны, зейнеткер.

Басқа материалдар

Back to top button