«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында дойбыдан жарыс өтті

14 сәуір күні «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Шалқар ауданының белсенді өмір сүру орталығында зейнеткерлер арасында дойбы жарысы өткізілді.
Жарыстың ашылуында сөз сөйлеген партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айнагүл Жұмағұлова партиялық жобалардың маңыздылығын айта өтіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен жарыстың нәтижесі бойынша ерлер арасында І орынды Есенгелді Бекмағанбетов, ІІ орынды Шора Тілеужанов, ІІІ орынды Тулубай Алдасүгіров жеңіп алса, Байболат Сейітжаппаров Алғыс хатпен марапатталды. Ал әйелдер арасында І орынды Гүлзада Жұмағазина, ІІ орынды Күрең Жүгінісова, ІІІ орынды Аққағаз Бакиева жеңіп алса, Рабиға Әбдірашова, Мәрзия Сұлтанова, Тұрсын Дүйсенәлиева Алғыс хатпен марапатталды.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.