Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпарат

Дәрігерлердің жүктемесі артып, керек уақытында қабылдауға жазыла алмасам, не істеу керек?
Медициналық қызметті күту мерзімі 15 жұмыс күнінен аспауы тиіс. (МӘМС және (немесе) ТМККК шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шартының талаптарының орындалуын мониторингтеу қағадаларына сәйкес).
Егер емханада осы мерзімде дәрігерге жазылу мүмкін болмаса, қажет болса, пациентті бірлесіп жұмыс істейтін басқа клиникаға жібере алады.
Егер 15 күннен ұзақ күтетің жағдай болса және пациент басқа клиникаға жіберілмесе, ол пациентті қолдау қызметіне жүгіну керек. Онда пациенттердің шағымдарын қарастырып, мәселелерді шешумен айналысады.
Сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында фильтр-кабинеттер бар. Онда инфекциялық ауруларға күдік болған жағдайда дәрігер қабылдауына алдын ала жазылусыз баруға болады (Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру стандартының 110-тармағына сәйкес, ол ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығымен бекітілген).
Мен жұмыс істемеймін және медициналық сақтандыруға ешқашан жарна төлеген емеспін. Алда құны қымбат операция күтіп тұр. Оны МӘМС бойынша жасатуға болады. Мен сақтандырылған мәртебесін қалай ала аламын?
Мәртебе алу үшін жарналарды дербес төлеуші ретінде келесі әдістердің бірімен төлеуге болады:
- Ағымдағы немесе келесі айдан бастап алдағы 12 айға, әрбір ай үшін ЕТЖ-ның 5% мөлшерінде (2025 жылы – 4250 теңгеден);
- Өткен 12 айға, әрбір ай үшін ЕТЖ-ның 5% мөлшерінде жеке-жеке (2025-2024 ж.ж. – әр ай үшін 4250 теңгеден)
Егер пациент алдағы жылы ресми жұмысқа орналасуды жоспарламаса және жеңілдікті санаттарға кірмесе, онда бірінші әдісті таңдаған жөн. Бұл бір жылға алдын ала сақтандырылуға мүмкіндік береді.
Төлемдер «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ-да 2-3 жұмыс күні ішінде қнделетін білу маңызды, содан кейңн төлеушіге мәртебе беріледі.