Денсаулық

Партиялық бақылау бекеттеріне мониторинг жасалды

2 сәуір күні «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айнагүл Жұмағұлова және партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Бершүгір ауылдық округі Сарысай ауылында салынып жатқан медициналық пунктінің құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізді.

Жобаның жалпы құны — 133 856 620,40 теңгені құрайды. Жобаға жауапты мердігер — «КазЭлитСтройСервис» ЖШС, техникалық қадағалаушы — «ДамирЖобаҚұрылыс» ЖШС.

Мониторинг барысында құрылыс жұмысы сапалы және уақытылы жүргізілуі қажет екендігі ескертілді. Алдағы уақытта да аталған нысанға партиялық бақылау жүргізілетін болады.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.

Басқа материалдар

Back to top button