Білім

Нашақорлық – ұлттың болашағына төнген үлкен қауіп

Президент Ұлттық құрылтайда бұл мәселені ерекше атап өтіп, есірткіге қарсы күрестің үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі қажет екенін жеткізді. 2023 жылы қабылданған кешенді жоспар биыл аяқталатындықтан, жаңа құжатты әзірлеуді қазірден бастау – уақыт талабы. Бұл тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Президент Ұлттық құрылтайда нашақорлықтың жас ұрпақтың болашағына балта шабатын кесел екенін ескертті. Сондықтан бұл мәселемен күреске тек қатаң заңдар мен жазалар ғана емес, ең алдымен, білім беру, тәрбиелік шаралар, салауатты өмір салтын насихаттау сынды кешенді тәсілдер қажет. Отбасынан бастап, мектеп пен жоғары оқу орындарына дейін жастарға есірткінің зиянын түсіндіру жұмыстары күшейтілуі тиіс.

Жаңа құжат осы бағыттағы шараларды одан әрі жетілдіріп, нақты нәтиже беретін шешімдерді қамтуы керек. Бұл – әрбір азаматтың, әрбір отбасының амандығы үшін маңызды қадам.

Сырлыбай Асқаров, Қоғамдық кеңес мүшесі.

Басқа материалдар

Back to top button