Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударды. Бұл – тек мемлекеттің ғана емес, әрбір ата-ананың, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, өзіне-өзі қол салудың алдын алу – аса маңызды мәселе. Өткен жылы барлық аймақта балаларға арналған Психологиялық қолдау орталықтарының ашылуы – осы бағыттағы маңызды қадам. Дегенмен, бұл жұмыстарды үзіксіз жалғастыру қажет, себебі шешімін таппаған түйткілдер әлі де бар.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда шалғай ауылдарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың тыйылмай тұрғанын атап өтті. Бұл тек құқық қорғау органдарының жұмысы ғана емес, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселесі де. Сондықтан жаңа жоспарды әзірлеуде осы мәселелерге ерекше мән беріп, профилактикалық шараларды күшейту қажет.
Жат діни ағымдардың әсері де – өзекті проблема. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда бұл мәселеге ерекше тоқталып, мұндай теріс ықпалға қарсы күресті күшейту қажеттігін айтты. Халықтың діни сауатын арттыру – маңызды қадам.
Бала – біздің болашағымыз. Олардың қауіпсіз, бақытты өмір сүруі үшін барлық қажетті шараларды қабылдау – мемлекеттің де, қоғамның да басты міндеті.
Маржанкүл Бекетова, Аналар кеңесінің төрағасы.