Әлеумет

ҚҚС мөлшерлемесінің 20%-ға дейін көтерілуі – бизнес пен халық үшін ауыр жүктеме

ҚҚС мөлшерлемесінің 20%-ға дейін көтерілуі – бизнес пен халық үшін ауыр жүктеме болатыны сөзсіз. Бұл, ең алдымен, тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына әкеледі, нәтижесінде халықтың сатып алу қабілеті төмендейді. Тұтынушылар үшін өнімдердің бағасы қымбаттап, ішкі сұраныс әлсірейді, ал бұл экономикадағы жалпы белсенділікке теріс әсер етеді. Әсіресе, табысы төмен халық үшін азық-түлік, дәрі-дәрмек, коммуналдық қызметтер секілді қажетті тауарлар мен қызметтер қолжетімсіз болып кетуі мүмкін. Мемлекет басшысы осы тәуекелдерді ескере отырып, ҚҚС мөлшерлемесінің жоғары екенін атап өтті және оны төмендету қажеттігін алға тартты. Менің ойымша, экономиканы тұрақтандыру үшін сараланған салықтық саясат енгізу – ең тиімді шешім.

Жеке кәсіпкер Нұргүл КЕНЖЕБАЕВА.

Басқа материалдар

Back to top button