Бастауыш партия ұйымында тоғызқұмалақ жарысы өтті

2025 жылдың 4 ақпан күні «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалына қарасты «№491 сайлау учаскесі» бастауыш партия ұйымында ерлер арасында тоғызқұмалақтан ашық біріншілік өтті.
Жарысқа білім беру саласында қызмет жасайтын 45 жастан асқан ер адамдар қатысты. Жарыстың нәтижесі бойынша І орынды Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Көпберген Қосқұлақов жеңіп алса, ІІ орынды №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі Омар Табынбаев, ІІІ орынды №3 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Мейрамбек Жандос, Сарықамыс негізгі орта мектебінің мұғалімі Мейрамбек Жанұзақ иеленіп, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жарыстың мараппаттау рәсіміне «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айнагүл Жұмағұлова, Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы Аянберген Башанов, «№491 сайлау учаскесі» бастауыш партия ұйымының төрағасы Айғаным Ізтілеуова және партия мүшелері қатысты.
Жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «№491 сайлау учаскесі» бастауыш партия ұйымының төрағасы Айғаным Ізтілеуова, жарысқа әділ төрелік жасаған төрешілер Арман Үргенішбаев, Әлішер Темірханов, Нұрбек Оралбаев және жарысқа қатысқан спортшылар Алғыс хатпен марапатталды.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалына қарасты «№491 сайлау учаскесі» бастауыш партия ұйымы.