Спорт

Спорттық нысанға бақылау жасалды

2025 жылдың 3 ақпан күні Шалқар ауданы әкімі Жанболат Жидеханов, Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы Жарылғасын Шамбалаев және партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Бозой ауылдық округінде салынып жатқан спорттық нысанның құрылысына мониторинг жүргізді.

Жобаның жалпы құны – 443776,7 мың теңгені құрап отыр. Жауапты мердігері — «BASPANA BUILD» ЖШС, техникалық қадағалаушы —«Ақмешіт Элит Строй» ЖШС, авторлық қадағалаушы — «QAZ Zhoba» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланған. Жоба аяқталғаннан кейін жабық спорт нысаны кем дегенде 120 адамның спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді.

Мониторинг барысында құрылыс жұмысы сапалы және уақытылы жүргізілуі қажет екендігі ескертілді. Алдағы уақытта да аталған нысанға партиялық бақылау жүргізілетін болады.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.

Басқа материалдар

Back to top button