Денсаулық

Айтылды-орындалды

2024 жылдың сәуір айында Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі тұрғындарына көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілген болатын. Қабылдауға келген тұрғындар ауылдық округтегі амбулаторияның талапқа сай еместігін айтып, жаңа ғимараттың салынуына ықпал жасауды сұрады.

2024 жылдың қыркүйек айында Ақтөбе облысы бойынша «AMANAT» партиясының 2023 – 2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының Шалқар ауданында жүзеге асыру жөніндегі Жол картасы аясында Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылдық округі, Қаратоғай ауылында медициналық пункт пайдалануға берілді.

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге және денсаулығын жақсартуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жобаның құны 139,8 миллион теңгені құрайды.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.

Басқа материалдар

Back to top button