Спорт

«№491 сайлау учаскесі» бастауыш партия ұйымында тоғызқұмалақтан ашық біріншілік

2023 жылдың қараша айының 30 күні «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалына қарасты «№491 сайлау учаскесі» бастауыш партия ұйымында тоғызқұмалақтан ашық біріншілік өтті.

Жарыстың ашылуында сөз сөйлеген «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жарылғасын Шамбалаев, «№491 сайлау учаскесі» бастауыш партия ұйымының төрағасы Айғаным Ізтілеуова, №1 мектептен тыс аула клубының директоры Нағашыбай Мәмбетов спортшыларға сәттілік тілеп, ойынның бас төрешісі болып Арман Үргенішбаев тағайындалды.

Тартысты өткен жарыстың нәтижесі бойынша командалық І орынды Ә.Жангельдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі жеңіп алса, ІІ орынды №1 мектеп-гимназиясы, ІІІ орынды І.Үргенішбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі иеленді.

«№491 сайлау учаскесі» бастауыш партия ұйымы.

Басқа материалдар

Back to top button