Партия ұйымы өкілдері арасында шағын футболдан турнир

2024 жылдың 14 маусым күні «АМАNАТ» партиясы Шалқар аудандық филиалының ауыспалы кубогі үшін «№491 сайлау учаскесі» бастауыш партия ұйымы өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтті. Жарысқа барлығы 6 команда қатысты.
Тартысты өткен жарыста «Ақжол» командасы І орын және ауыспалы кубокті жеңіп алса, ІІ орынды «№5 учаскелік» командасы, ІІІ орынды «Механикалық шеберхана» командасы иеленді. Жарысқа қатысып, нәтижелі ойын көрсеткені үшін «1 айналмалы жол жөндеу дистанция» командасы, «Мостовой цех» командасы, «№4 учаскелік» командасы «Алғыс хатпен» марапатталды.
Сонымен қатар, турнирдің «Үздік қақпашы» номинациясымен Мұрат Жексенбаев, «Сұрмерген» номинациясымен Бауыржан Шангутов, «Үздік ойыншы» номинациясымен Мирамбек Шынтасов марапатталды. Темір жол саласының қызметкерлерінің арасында өткізілген жарысқа төрешілік жасаған Андрей Панов, Қасымбек Алғазиев, Берік Машақов партия атынан «Алғыс хат» табысталды.
«№491 сайлау учаскесі» бастауыш партия ұйымы.