“Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы – еліміздің болашағы үшін жасалып отырған маңызды қадам

Мен аудан тұрғыны ретінде, бұл бастаманы үлкен қуанышпен қабылдадым. “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы – еліміздің болашағы үшін жасалып отырған маңызды қадам. Мемлекетіміздің әр балаға қаржы жинақтап, оның болашағына инвестиция салуы – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған тиімді шешім деп білемін.
Бұл қаражат балаларымыздың сапалы білім алуына немесе баспаналы болуына үлкен көмек болатыны сөзсіз. Әсіресе, көпбалалы отбасылар үшін бұл үлкен қолдау. Себебі, баланың болашағы үшін алдын ала қор жинау – әр ата-ананың басты міндеттерінің бірі.
Ендігі басты мәселе – осы жүйенің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуі. Қаражат жыл сайын аударылып, оның көлемі инфляцияға сай өсіп отыруы қажет деп ойлаймын. Сонымен қатар, бұл қаржыны пайдалану тетіктері барынша қолжетімді әрі ашық болуы маңызды.
Осы игі істі қолға алған ел басшылығына, үкіметке алғысымыз шексіз. Бұл – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадам!
Лайық Үргенішбаева, Шалқар ауданының тұрғыны.