Әлеумет

Балалардың білім алуы мен тұрғын үй сатып алуына қолдау көрсету – олардың болашағына сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді

“Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы – болашақ ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған игі бастама. Бұл бастама әрбір баланың кәмелет жасына толғанда белгілі бір қаржылық мүмкіндігі болуын қамтамасыз етеді.

Әсіресе, көпбалалы отбасылар үшін бұл үлкен көмек. Балалардың білім алуы мен тұрғын үй сатып алуына қолдау көрсету – олардың болашағына сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді. Бұл қаражат өмірге жаңа қадам басқан жастар үшін үлкен демеу болмақ.

Бастысы, бұл жүйе тұрақты әрі әділ жұмыс істесе дейміз. Әр баланың тиісті қаражаты уақытылы аударылып, оның мөлшері инфляция деңгейіне сай өсіп отыруы маңызды. Сондай-ақ, бұл қаражатты пайдалану рәсімі барынша қарапайым әрі қолжетімді болса, халыққа тиімді болары сөзсіз.

Осындай игілікті іске бастамашы болған мемлекет басшылығына алғысымызды білдіреміз. Бұл – Қазақстанның әрбір азаматы үшін жасалған маңызды қадам!

 Бағдагүл Қаратаева, Шалқар қаласының тұрғыны.

Басқа материалдар

Back to top button