Денсаулық

Партия қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті

2024 жылдың 1 наурыз күні «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалына қарасты «Аудандық орталық аурухана» бастауыш партия ұйымында партия қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

Партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі Жарылғасын Шамбалаев және «Аудандық орталық аурухана» бастауыш партия ұйымының төрағасы Алия Оспанова партия қатарына жаңа азаматтарды қабылдады.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген «Аудандық орталық аурухана» бастауыш партия ұйымының төрағасы Алия Оспанова партия қатарына жаңадан қабылданушыларға үлкен жауапкершілік жүктелгенін, алдағы уақытта партияның беделінің одан әрі артуына атсалысып, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалына қарасты  «Аудандық орталық аурухана» бастауыш партия ұйымы.

Басқа материалдар

Back to top button