Медицина қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады

2024 жылдың 14 маусым күні медицина саласының қызметкерлері күніне орай, «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалына қарасты «Аудандық орталық аурухана» бастауыш партия ұйымында салтанатты жиын өтті.
Аталған шараға Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Сұлтан Джуманов, «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі, «Аудандық орталық аурухана» бастауыш партия ұйымының төрағасы Оспанова Алия, Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Купенов Есенғали және денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысты.
Шарада сөз сөйлеген аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі «Аудандық орталық аурухана» бастауыш партия ұйымының төрағасы Алия Оспанова медицина қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтап, ауданның денсаулық сақтау саласының өркендеуіне қосқан үлесін айтты.
Шара кезінде медицина саласында еңбек ететін бірқатар партия мүшелеріне «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының Алғыс хаты және бағалы сыйлықтар табысталды.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалына қарасты «Аудандық орталық аурухана» бастауыш партия ұйымы.