Әлеумет

Шалқардың жолдары жақсарып, ел қуанышқа бөленуде

Республикалық маңызы бар “Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз” автомобиль жолының жөндеу жұмыстарының басталуы – аудан тұрғындары үшін көптен күткен маңызды жаңалық. Бұл бастама тек жол сапасын жақсартып қана қоймай, облыс орталығымен байланысымызды нығайтып, жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Шалқарлықтар үшін бұл жолдың маңызы ерекше. Бұрын облыс орталығына қатынау қиындық тудырса, енді жаңартылған жол сапарды жеңілдетіп, қауіпсіз әрі қолайлы етеді. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және басқа да салалар үшін үлкен серпін береді. Аудан халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға және өңірдің экономикалық дамуына оң әсерін тигізері сөзсіз.

Осы ауқымды жобаны қолға алған үкіметке, жергілікті билікке және барша жауапты тұлғаларға тұрғындардың атынан шынайы алғысымды білдіремін. Бұл – болашақ ұрпақ үшін де қалдырылатын үлкен мұра. Жаңартылған жолдар – елдің өркендеуі мен тұрғындардың игілігіне бағытталған нақты қадам.

Жол жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталып, барлық мақсаттардың сәтті жүзеге асуына тілектеспіз! Жаңа жолдарымыз жақсылыққа бастасын!

Қуанышбай Князбаев, ақсақалдар кеңесінің төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button