Құқық
«Көліктегі қауіпсіздік»жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

Көліктегі полиция департаменті, Қандыағаш станциясының Желілік полиция бөлімі, Шалқар станциясы желілік полиция бөлімшесінің қызмет көрсету аумағында ағымдағы жылдың қаңтар айының 23-26 аралығында «Көліктегі қауіпсіздік»жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты — көлік объектілерінде орын алатын жазатайым оқиғаларға, жедел тежеулерге, қоғамдық орындарда оның ішінде жолаушылар поездарында жасалған қылмыстарға жол бермеу болып табылады.
Барлық тұрғындарды темір жолдың белгіленген арнайы өтпелері арқылы өтуге, заң бұзушылық жасамауды ескертеміз!
Шалқар станциясы желілік полиция бөлімшесі.