Әлеумет

Шалқар аудандық көркемсурет лицейінде кездесу өтті

«Әділет» партиясының өкілдері Шалқар аудандық көркемсурет лицейі ұжымымен кездесті. Жиында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген негізгі басымдықтар талқыланып, ел дамуының маңызды бағыттары мен жастарға берілетін мүмкіндіктер сөз болды.

Кездесуге партияның аудандық филиалының Саяси кеңес мүшелері Айнагүл Жұмағұлова, Нұрболат Мұрсалов қатысты.

Кездесуде Жолдаудағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасына, ауыл шаруашылығын жаңғыртуға, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға, өңірлік инфрақұрылымды жетілдіруге және білім сапасын арттыруға қатысты бастамаларға тоқталды. Сондай-ақ экономиканы нығайту мен агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың маңызын аталып өтілді.

«Әділет» партиясы Шалқар аудандық филиалы

Басқа материалдар

Back to top button