Басты жаңалық

«ҰСТАЗ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ» — пікір мен парасат тоғысқан алаң

Ұстаздар күні мерекесіне орай, Шалқар қаласындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебінде ұстаз мәртебесі, білім саласының дамуы және педагог пен мемлекет арасындағы өзара байланысты талқылауға арналған «Ұстаз және мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға «Әділет» партиясы Шалқар аудандық филиалының төрағасы Айнагүл Жұмағұлова, Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Қаниатов, Шалқар ауданы бойынша «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ембергенов Айбек Ерқосайұлы және білім саласының өкілдері қатысты.

Шара барысында ұстаздардың ұсыныстары тыңдалып, білім саласын жетілдіруге бағытталған өзекті мәселелер ортаға салынды.

«Әділет» партиясы Шалқар аудандық филиалы

Басқа материалдар

Back to top button