Спорт

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады.

Еске сала кетейік, біздің спортшылар Көшпенділер ойындардың жалпыкомандалық есебінде жеңімпаз атанып, 74 медаль иеленді. Оның 32-сі — алтын.
Бұл ЖЕТІСТІК — спортшыларымыздың мықты мінезінің, асқақ рухының, еңбекқорлығының, табандылығы мен жеңіске деген жігерінің айқын дәлелі.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары — мәдени мұраны сақтауға және халықтар арасындағы достықты нығайтуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.
Ұлы дала өркениетінің мұрагері саналатын Қазақстан бұл жарыстарды одан әрі дамытуға және кеңінен дәріптеуге мүдделі.
Сонымен бірге ата-бабалар мұрасын жас ұрпаққа тек ұлттық спорт түрлері арқылы ғана емес, құрмет, мәдениеттілік, ішкі парасат пен өз дәстүріне деген жауапты көзқарас арқылы да жеткізу аса маңызды.

Басқа материалдар

Back to top button