Әлеумет

Сайлау — азаматтық жауапкершілік

Сайлау туралы айтқанда, көбіне «кімге дауыс беремін?» деген сұрақ бірінші орынға шығады. Бірақ одан бұрын тағы бір маңызды сұрақ бар: «Мен өз таңдауымды қаншалықты түсініп жасап отырмын?»

Меніңше, жауапты сайлаушының басты ерекшелігі – асықпай шешім қабылдауы.

Партиялардың ұсыныстарын салыстыру, маңызды мәселелер бойынша көзқарасын білу, ақпаратты тексеру – мұның бәрі саналы таңдаудың бөлігі.

Сайлау азаматтың еркін пікірін білдіруіне мүмкіндік береді. Сондықтан ешкім адамға қысым көрсетпеуі, оның таңдауына заңсыз ықпал етпеуі керек.

Өз таңдауын жасау – әр адамның жеке құқығы.

Ал сол құқықты ойланып пайдалану – азаматтық жауапкершілік.

Сондықтан сайлауда ең маңыздысы біреудің пікірін қайталау емес, өз ұстанымыңды қалыптастыру деп ойлаймын.

Әлия Айтжанова, дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының психологі.

Басқа материалдар

Back to top button