«Шәмші Қалдаяқов» медалі тағайындалады

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды.
https://kaz.inform.kz/news/shamsh-kaldayakov-medal-tagayindaladi-4da199d6
— Мәдениет пен өнер — ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді. Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады, — деп хабарлады ол.
https://kaz.inform.kz/news/shamsh-kaldayakov-medal-tagayindaladi-4da199d6


