Денсаулық

ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Ағымдағы жылдың 22 сәуір күні «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалына қарасты «Аудандық орталық аурухана» бастауыш партия ұйымының мүшелері «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында Шалқар қаласының тұрғыны Бөпей Көрпебаеваның үйіне барып, медициналық көмек көрсетті.

Үйді аралау негізінде медициналық тексеру және кеңес беру, зейнеткерді кәсіби құрал-жабдық арқылы толық тексеру жүргізілді. Зейнеткердің қан қысымы, қант пен холестерин мөлшері анықталып, көз ішілік қан қысымы өлшенді. Қан анализі алынды.

   

Өз кезегінде зейнеткер Бөпей Көрпебаева партия мүшелеріне жылы лебізін білдіріп, батасын берді.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалына қарасты «Аудандық орталық аурухана» бастауыш партия ұйымы

Басқа материалдар

Back to top button