Ауыл шаруашылығы жануарларынбірдейлендіру ветеринария саласындағыатқарылатын міндетті іс- шаралардың бірі.
Ауыл шаруашылығы жануарларынбірдейлендіру ветеринария саласындағыатқарылатын міндетті іс- шаралардың бірі. Бүгінгітаңда Шарқар ауданы бойынша 221 189 бас мал басы бар. Оның 51290 мың бас мүйіздіірі қара, 66190 бас қой- ешкі, 86650 мың бас жылқы, 16759 бас мың бас түйе. Мұның барлығы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқорына тіркелген.
Бірдейлендіруді жүргізу тәртібі мен мерзімдері «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» Қағидаларын бекіту туралы ҚазақстанРеспубликасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығыменреттеледі. Мал бастарын бірдейлендіру және №1 үлгідегі ветеринариялық анықтама беру мемлекеттік қызмет болып табылады. Тікелей ветеринариялық пункт меңгерушісінің жауапкершілігінде.
Жануарларды есепке алу рәсімі жануарларғажеке нөмір беруді қамтиды, ол жануар иесіхабарламасы негізінде жүзеге асырылады. Бірдейлендіру нөмірін бергеннен кейінкомпьютерлік деректер базасына ауылшаруашылығы жануарлары туралы мәліметтердіенгізеді және электронды ветеринариялық паспорт беріледі. Жануарларға сырға, чип салынадынемесе таңба басылады. Бірдейлендіруқорытындылары бойынша деректер бүкілҚазақстан аумағындағы бірыңғай мемлекеттіккомпьютерлік дерекқорға енгізіледі. Ол мал басының есебін жүргізуді ұсынып қана қоймай, сонымен қатар, әр жануар бойыншаветеринариялық тарихын сақтауға мүмкіндікбереді. Деректер базасында ветеринариялық- профилактикалық іс-шаралардың мәліметтерікөрсетіледі, олардың негізінде ветеринариялықілеспе құжаттар рәсімделеді.
Ел аумағындағы барлық ауыл шаруашылығыжануарлары бірдейлендіруге жатады. Егериелігіңізде бірдейлендірілмеген жануарлар болсааталған ветеринариялық қызметтер көрсетілмейді:
– Ұрланған (табылған), оқыс өлімге ұшыраған, нақтырақ айтқанда пойыз астына түсіп өлген т.б., жағдайларда, жануардың кімге тиесілі екенінанықтау мүмкін емес (бірдейлендірілген жануарды табу және оны иесіне қайтару оңайырақ).
– Бірдейлендіру нөмірінсіз сатуға т.б. кезеңдерде —мал дәрігері тарапынан ветеринарлық анықтамарәсімделмейді. Ауыл шаруашылығыжануарларының төлдері келесі жасқа жеткенкүннен бастап он төрт жұмыс күніненкешіктірілмей бірдейлендіру қажет.
– Бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туғанкүнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.
– Құлындар төрт айлық жасынан бастап (таңбалаукезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткенненкейін (чиптеу кезінде).
Ауыл шаруашылығы жануарларының барлықтүріне қосымша келесі тәсілдермен жеке нөмірберуге жол беріледі: электрондық бірдейлендірутәсілі (ауыл шаруашылығы жануарларынбірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатынрадиожиілікті белгісі бар сырғалар, болюстер, чиптер.
– Дер кезінде, ең бастысы өзжануарларыңыздыбірдейлендіру керек;
– Сатып алу, сату, сою, төлдеу, жануарлардыңсырғаларын жоғалту кезінде үш күн ішінде ветеринар маманға хабарласуыңыз керек. Бұлкомпьютерлік деректер базасында толық жәнесенімді есеп жүргізуге мүмкіндік береді.
Иелігіңіздегі жануарларды бірдейлендіру жәнеесепке алу мәселелері бойынша жергіліктіветеринариялық пункт – мамандарына міндеттітүрде жүгіну қажет.
№1 үлгідегі ветеринариялық анықтама мал иесінің өтініші негізінде ЕАСУ порталымен жүзеге асырылады. Өтініш беру кезінде ауыл шаруашылық жануарының бірдейлендіру нөмері, сатып алушының аты жөні ЖСН, қожалық атауы БИН ,нақты мекен жайы (облыс, аудан, қала немесе ауылдық округ,ауыл атауы, көшесі) тасылмалданатын көлік құралының маркасы, мемлекеттік нөмері туралы нақты ақпарат қажет. Сатып алушыға ХҚКО арқылы тіркелген нөмерге келісім беру туралы хабарлама келеді. Хабарламаға келісім беру арқылы ЕАСУ порталындағы жүктеулер жалғасады. Сою үшін жіберілетін ауыл шаруашылығы жануарларына өтініш беру кезінде сою алаңадарының келісімімен хабарлама арқылы жасалады.
ҚР АШМ 2015 жылғы 29 мамырдағы №7-1/496 бұйрығымен бекітілген ҚР аумағында ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектілерді тасымалдау үшін пайдаланылған көлік құралдары ҚР ветеринария туралы заңының 21 бабының 4- тармағына сәйкес міндетті түрде дезенфекцияланады.



