ШОҚЫСУДАҒЫ АҒАШ ҰСТАСЫ

«Ел іші — өнер кеніші» дейді дана халқымыз. Ұсталар мен ісмерлер, он саусағынан өнері тамған қолөнер шеберлері қашаннан да ауыл-аймақтан шығып, көпке танылған. Ал қазір әр мекеннен бұндай құрметке бөл-еніп, ескінің жұрнағындай болып жүрген шеберлерді аз көресің. Сананы дәс-түрмен сабақтауда осындай дара да сирек кәсіптерді жанына серік еткен жандар жайлы көбірек айтқанның еш артықшылығы жоқ. Хәкім Абайдың «Мал керек болса — қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды» деген сөзі бәрі-мізге ата-салтымызбен астасатын құндылықтарды дамылсыз дәріп-тей беруге үндеп тұр-ғандай…
Шалқар ауданына қарасты Шоқысу стансасы тұрғындарының дені — ауыл ішін кесіп өтетін теміржолда еңбек етеді. Олардың барлығына ауылдастары Самат Жорғабаевтың есімі қадірлі десек болады. Өйткені Сәкеңнің қолынан шыққан бұй-ымдар шоқысулықтардың кәдесіне жарап-ақ тұр.
1976 жылы Қызылорда облысына қарасты Сексеуіл кентінде дүниеге келген Самат Сұлтамұратұлының жастайынан ағаштан түйін түйетін, қисыны кеткен бұйымды қайта түзеп, жүзеге асыратын қасиеті бар екен. Осындай бойдағы әуестік есейе келе өзіне айырылмастай серік болып, көптің алғысын бұрғызған кәсіптің иесі болуға әкелді. Қазір де ол үй жанынан шағын шеберхана салып алып, ағаштан тұрмысқа қажетті түрлі бұйымдарды жасайды. Оның қолынан шыққан ас салатын астаулар, оюлы тостағандар, қонақ күтуге арналған заманауи столдар мен үстелдер, бесіктер, т.б. ұлттық нақышпен безендірілген бұйымдары көпшіліктің сұранысына ие. Тапсырыс шағын ауылмен шектелмейді, көрші Сексеуіл кенті, аудан орталығы — Шалқар, т.б. шалғай жерлерден де келіп түсіп жатыр.
— Тұрмыс түзелген сайын адамдардың талғамы да жоғарылап келеді. Дүкендердегі дайын жиһаздар мен түрлі бұйымдар көпшіліктің көңілін дөп баса бермейді. Көбісі өз қалауы бойынша жасатқысы келеді. Сондай көңілі кірпияз, талғамы жоғары тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруды мен басты мақсатыма айналдырдым. Жасаған бұйымдарымның барлығын ұлттық ою-өрнектерімізбен безендіріп, әр бұйымды салт-дәстүрімізбен қабыстыруға тырысамын. Мүмкін осынысымен де тартымды шығар, тапсырыс жақсы түседі, — дейді шоқысулық шебер.
Дегенмен, ол қолөнер туындыларын дамытуда Үкімет тарапынан әлі де нақты қолдаулардың қажет екендігін айтады. Әсіресе, шалғай ауылдардағы шеберлер тірлігі назарда болса игі. Халықтың сұранысына қарай оны толыққанды қамтамасыз ету үшін көп жағдайда қаражатқа келіп тірелетіндігі сөзсіз. «Сондықтан ісмерлердің ісін ілгерлендіру мақсатында қарпайым ауыл тұрғынына қолайлы жеңілдіктер қарастырылса» деген оның тілегі бар.
Шебер бұйымдар жасау үшін материалдарды көбіне Сексеуіл кентінен алдырады. Қазақтың дастарқанын етсіз елестету мүмкін емес. Сондықтан қазақы ою-өрнекпен әдіптелген ет салатын ағаш астауға сұраныс азайған емес. Алайда ол қараағаштан жасалады, оған көбіне қол жете бермейді. Осы астау шабудың қыр-сырын Шымкент қаласына арнайы барып, Қытайда оқитын студенттен үйреніп қайтыпты.
Сәкең өзіне нақты қолдау болса, алда шеберхана жұмысын кеңейтуге ниетті. Қазірде ол ауылдағы негізгі мектепте кіші қызметкер болып жұмыс жасайды. Сол жұмысынан қолы қалт еткендегі уақыты осы шеберханасының ішінде өтеді.
Иә, ұлы даналарымыз айтқандай, «Байлықтың да, бақыттың да кілті — өзің сүйген кәсіпте», демекші, Саматтың да сүйікті ісі алда өзін үлкен мұраттарына жеткізері анық.

Мұхтар МЫРЗАЛИН.