Әлеумет
Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

23 маусым күні мемлекеттік қызметшілер күніне орай, Шалқар аудандық қазынашылық басқармасында салтанатты жиын өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айнагүл Жұмағұлова, кеңесші Үміт Рамазан және ұжым мүшелері қатысты.
Шарада сөз сөйлеген партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айнагүл Жұмағұлова еліміздің өсіп-өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешілуі мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне тікелей байланысты екенін айта отырып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Шара соңында бірқатар партия мүшелеріне Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.