Әлеумет
Депутаттық фракция мүшесі қабылдау өткізді

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы ғимаратында Шалқар аудандық мәслихатының депутаты, депутаттық фракция мүшесі Ерлан Абдікәрім тұрғындарға қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген тұрғын Шалқар қаласы, Мектеп көшесінде авариялық жағдайда тұрған бағананы ауыстыру қажет екендігін айтты.
Депутаттық фракция мүшесі Ерлан Абдікәрім қабылдауға келген тұрғынның өтінішіне толыққанды жауап беріп, түсіндірме жұмысын жүргізді.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі.