ЗАҢҒАР ЖАЗУШЫҒА АРНАЛДЫ
Қалалық №2 кітапхананың кітапханашысы Шырақжан Сәрсенбаеваның ұйымдастыруымен белгілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Көркем сөздің шебері» атты конференция өтті.
Оның барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы ардагер-журналист Сембай Карин кеңінен әңгімеледі. Зейнеткер-ұстаз Бағжан Жоламанов Әбдіжәмілмен ауылдас екендігін, ол кісімен балалық шағы бірге өткендігін, оған қарап бой түзегендігін айтып берді. Сондай-ақ, ол «Қан мен тер» трилогиясындағы кейіпкерлер туралы, кейбір роман кейіпкерлерінің ұрпақтары Шалқар қаласында тұрып жатқандығын айтып, белгілі жазушының шығармашылығына арқау еткен оқиғалар турасында қызықты деректермен бөлісті.
Жазушының кезінде Одақтық сыйлыққа ие болып, әлемнің 52 тіліне аударылған шығармасы — «Соңғы парыз» романы бойынша Шалқар агротехникалық колледжінің оқытушысы Ақмерей Отарова «Соңғы парыз романы — ұлттық ғарышқа тән мінездер галереясы» тақырыбында баяндама жасады.
Белгілі қаламгердің әрбір шығармасына терең бойлаған конференция қатысушыларға жақсы әсер сыйлады.
Зәмзагүл ӘЛИЕВА,
аудандық орталықтандырыл-ған кітапхананың әдіскері.