Мәдениет

Ұлттық қолөнер — тәрбие көзі

Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі —қолөнері. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін, қолөнерін жоғалтпау керек. Қолөнер адамға жақсы әсер ететін және оны сабырлылыққа тәрбиелейтін нәзік дүние. Қазақтың ұлттық қолөнерін насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қолөнер шеберлерінің тәжірибесімен бөлісу мақсатында №3 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ» КММ-ның 8 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» тақырыбында сыр-сұхбат өткізілді.

Шараның қонағы ретінде  «Шыдамы жеткен шебер болады» демекші, ауданымызға белгілі сынықшы Жанғали емшінің кіші ұрпағы Аманбайұлы Смағұл ағамыз шақырылды. Смағұл ағамыз балалық шағын еске алып,өнерге өте әуес болғанын бір кездері домбыра үйреніп,түрлі күй үйренгенін,әрбір үйренген күйінің де тарихын білуге тырысқанын айтып өтты. Оған әкесі мен анасы үнемі қолдау көрсетіп отырған. Тоқырау жылдары тұрмыстық қажеттілікке орай мал терісінен,мүйізінен,тұяғынан, ағаштан,темірден түрлі тұрмыстық дүниелер жасай бастаған. Қазір де зейнеткерлік жасқа жетсе де қарап отырмай түрлі кәдесыйлар жасап жүргенін айтып,өзінің қолынан шыққан өнер туындыларын ала келген. Әрбір дүниесініңжасалу жолымен,оның тарихымен таныстырды. Өз қолынан  шыққан тобылғы сапты қамшының толық жасалу жолымен, қайыс жасау технологиясымен бөлісіп,әкесінен естіген қамшы туралы аңызды оқушыларды қызықтыра айтып берді. Сөз соңында «…Дүниеде ұштасып жатқан үшеу бар. Дін, Мәдениет, Ғылым. Мінеки осы үшеуін қатар тең алып жүріңіздер. Біреуіне басқасынан көбірек көңіл бөліп, тепе-теңдікті жоғалтып алмаңдар…» деп балаларға өз ақылын айтты. Қамшы туралы сөз қозғағанда 8 «Ә» сынып оқушылары Ә.Қадырбай мен А.Бекқали қамшының шығу тарихын және қамшы туралы көптеген тың мәліметтермен бөлісті. Мектеп белсендісі Н.Кәрібай көңіл толқытар күйімен көпшілікті тәнтті етті. Шара соңында Смағұл ағамыз домбыраның құлағында ойнаған Н.Кәрібайға және қатысушы оқушыларға   өз ақ батасын берді.

Ш. СӘРСЕНБАЕВА, №3 қалалық кітапхананың кітапханашысы.

Басқа материалдар

Back to top button