Мәдениет

Көшелерге жергілікті батырлардың есімін беру – ұрпақтың рухын оятып, олардың бойына отансүйгіштік сезім ұялататын іс

Президент Ассамблея сессиясында сөйлеген сөзінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығын ерекше мәнмен атап өтуді ұсынғаны жүрегімізге жылы тиді. Біз тылда еңбек еткен аға буын өкілдері үшін бұл сөздердің әр жолы — ерлікке берілген баға, өткен күндерге деген құрмет.

Соғыс жылдары майдан мен тылдың арасы ажырағысыз болды. Біз бейбіт өмір үшін күресіп жатқан жауынгерлерге азық-түлік, киім-кешек, құрал-сайман дайындап, күн-түн демей жұмыс істедік. Ең бастысы – елдік пен бірлік еді. Мемлекет басшысының бұл тарихи датаны атап өту аясында ардагерлерге ерекше көңіл бөлетінін айтуы – біздің еңбегімізді бағалағаны деп білемін.

Көшелерге жергілікті батырлардың есімін беру – ұрпақтың рухын оятып, олардың бойына отансүйгіштік сезім ұялататын іс. Бұл – біз көрген қиындықтардың ескерусіз қалмағанының, тарихта әділеттің бар екенінің белгісі. Осындай құрметтің арқасында елдің ертеңіне деген сенім арта түседі.

Кемал Құлмырза — зейнеткер, ауыл тұрғыны.

Басқа материалдар

Back to top button