Денсаулық

Жөндеу жұмыстарына партиялық бақылау жасалды

Шалқар аудандық мәслихатының депутаты Алия Оспанова, «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айнагүл Жұмағұлова және партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Жанақоныс ауылдық округіндегі Аққайтым дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмысына мониторинг жүргізді.

Жобаға жауапты мердігер – «БатысСпецАвтоматика» ЖШС, жоба құны 42,0 млн. теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың наурыз айында басталған күрделі жөндеу жұмысы  маусым айында толықтай аяқталады деп жоспарланып отыр.

   

Мониторинг барысында күрделі жөндеу жұмысы сапалы және уақытылы жүргізілуі қажет екендігі ескертілді. Алдағы уақытта да аталған нысанға партиялық бақылау жүргізілетін болады.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.

Басқа материалдар

Back to top button