Әлеумет
Айтылды-орындалды

Шалқар аудандық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Алия Оспанованың тұрғындармен кездесуінде Жангелдин қалашығының тұрғындары Шалқар қаласы, Гагарин көшесінің автомобиль жолына күрделі жөндеуді сұрап өтініш білдірген болатын.
Аталған өтініш бойынша «Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ-сі арқылы Шалқар қаласы, Гагарин көшесінің автомобиль жолына күрделі жөндеу жүргізіліп, қазіргі таңда пайдалануға берілді. Жобаны жүзеге асырған жауапты мердігер – «Жалаугер-НС» ЖШС.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі.