Сіздерді ел бірлігінің айғағындай тамаша мерекеміз — Елорда күнімен құттықтаймын!
Елорда — бірлік пен берекенің, Отанымыздың телегей табыстарының символы, Қазақстан халқы қол жеткізген шексіз мүмкіндіктердің үлгісі.
Елорда — Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің — бүкіл әлем мәдениетінің үндесуі және топтасуымен ерекшеленеді.
Елорда Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытты. Мұнда әлемдік көшбасшылардың кездесулері, аса өзекті саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шаралар өткізіліп келеді. Ол Еуразияның кіндік қаласына — елдердің орнықты даму жолдарын айқындап, халықтар арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту тетіктері қарастырылатын ортаға айналды.
Бұл күнде Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының келбеті — Қазақ елінің келбетіне айналып, Арқа төсіне орналасқан әсем қала өзінің әсемдігімен күллі әлемді тамсандырып, күн сайын гүлдену үстінде. Ертеңгі ел тұтқасы саналатын жас ұрпақ өзінің замандастарына өркениетті елімен қатар, әсем Елордасымен де мақтана алатындай дәрежеге жетті. Сондықтан да бұл мереке — барша елдің ортақ тілегінен өрбіген жалпыұлттық мейрам болып саналады.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді осы тамаша мерекемен тағы да құттықтай отырып, әрбіріңіздің дендеріңізге саулық, отбастарыңызға аманшылық, еңбектеріңізге жетістіктер тілеймін! Еліміз бейбіт, жеріміз азат болып, гүлденген Қазақстанның биік жетістіктеріне бірге қол жеткізе берейік!
Аудан әкімі Б.Қаниев.