Спорт

Бастауыш партия ұйымында шаңғы жарысы өтті

19 ақпан күні «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Amanat» партиясы Шалқар аудандық филиалына қарасты «Ұлы Борсық» бастауыш партия ұйымында әйелдер және ерлер арасында шаңғы жарысы өтті.

 

Шараға «Amanat» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айнагүл Жұмағұлова, «Ұлы Борсық» бастауыш партия ұйымының төрағасы Әлия Әбдіғапарова және №5 мектеп-лицейінің ата-аналары мен қызметкерлері қатысты.
Тартысты өткен жарыста әйелдер арасында 1 орынды Светлана Сартаева, 2 орынды Гүлжаһан Аетова, 3 орынды Нұржамал Мекенова жеңіп алса, ерлер арасында 1 орынды Қайрат Искаримов, 2 орынды Талғат Изимов, 3 орынды Қасымбек Алғазиев иеленді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Ұлы Борсық» бастауыш партия ұйымы.

 

 

Басқа материалдар

Back to top button