Азаматтарды қиын өмірлік жағдайдан шығару үшін жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға кешенді қолдау көрсетуге бағыттылған атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) беріледі

АӘК мыналарды көздейді:

  • шартсыз және шартты негізде тоқсан сайын берілетін ақшалай төлем. Еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасылар шартсыз көмек, ал құрамында жұмысқа орналаса алатын кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасылар шартты көмек алады;
  • жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары. АӘК тағайындаудың барлық кезеңіне отбасымен әлеуметтік келісімшарт жасалады. Келісімшартты бұзу әлеуметтік көмек төлеуді тоқтату және келесі 6 айда АӘК тағайындаудан бас тарту үшін негіз болып табылады;
  • табысы аз отбасылардың 1 жастан 6 жасқа толған балаларының әрқайсысына 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру.
    Шалқар ауданы бойынша 2024 жылға АӘК 63 отбасы 358 адамға 25950,0 мың теңге тағайындалды. Қосымша төлем АӘК алушылар арасынан мектепке дейінгі жастағы балаларға 52 отбасындағы 115 балаға 4784,8 мың теңге тағайындалды.
    «Алушылардың 19%-ы қалалық жерлерде, ал 81 %-ы ауылдық жерлерде тұрады.
    Әлеуметтік мәртебелер бөлінісінде АӘК алушылар арасында көбі балалар – 237 адам немесе 66,2%. Сондай-ақ алушылар қатарында өтініш берген сәтте жұмысы бар адамдар – 14,2%, балаларға, мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға күтім жасайтын адамдар – 11,2%, студенттер – 5 %, жұмыссыздар – 1,1% және басқа санаттағы адамдар – 1,1% құрайды.
    АӘК-тің басты мақсаты еңбекке ынталандыру және еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына тарту арқылы табысы аз отбасыларды кедейлік жағдайынан шығару болып табылады.
    Әлеуметтік келісімшартты енгізудің арқасында еңбекке қабілетті 17 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылды, оның ішінде 12 адам немесе 13,4 % тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды; 4 адам немесе 4,5% уақытша жұмыспен қамту шаралары (қоғамдық жұмыс,әлеуметтік жұмыспен) көрсетілді;
    1 адам кәсіпкерлік бастаманы дамыту үшін грант алды.
    Яғни, 2024 жылға Шалқар ауданы бойынша «Жұмыспен қамтылған және жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған АӘК (ШАК)» еңбекке қабілетті алушылардың үлесі индикаторының көрсеткіш жоспары 74,5 %-тен 76,4% -ға орындалды.
    2023 жылы табысы аз отбасыларға кешенді қолдау көрсету бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде өткен жылы АӘК алушылар қатарынан 77 отбасы кедейлік жағдайынан шықты. Осы жылы кедейлік жағдайынан шыққандар саны 5 отбасы.
    2023 жылы Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) іске қосылды, ол 84 параметр негізінде қазақстандық отбасылардың әл-ауқатының деңгейін анықтайды. ОЦК деректері негізінде мемлекеттік органдар мен әкімдер әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу үшін өңірлердегі ахуалды талдай алады.
    Биыл әлеуметтік әл-ауқат деңгейінің көрсеткіштері бойынша ОЦК-да
    D және E санаттарына жатқызылған отбасылар санын азайту бойынша әкімдердің KPI енгізілді. Бүгінгі күні мүдделі мемлекеттік органдар бірлесіп отбасыларды дағдарыс және мүшкіл санаттардан неғұрлым қолайлы санаттарға көшіру жөнінде шаралар қабылдауда. 2024 жылғы 17 желтоқсандағы жағдай бойынша аталған контингенттің саны 13,7 %-ға азайды.
    Сонымен қатар, ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың медиандық кірісінен айқындалатын болады.
    «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп ОЦК деректері бойынша тоқсан сайынғы медиандық кіріс мөлшеріне есептеулер жүргізуде. Олардың нәтижелері бойынша кедейлік шегі медиандық кірістің 35% деңгейінде, бірақ қазіргі деңгейден төмен емес, яғни өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде айқындалған.
    2025 жылы материалдық жағдайды зерттеу негізінде отбасылардың АӘК көрсетуге мұқтаждығы туралы қорытындылар шығаратын учаскелік комиссиялардың қызметін цифрландыру жүзеге асырылатын болады. Бұл комиссиялар үшін FSM Social мобильді қосымшасы жасалынған. Оның артықшылығы: геолокацияны анықтау (өтініш берушінің нақты географиялық орны); жедел шешім қабылдау және қорытынды шығару рәсімін оңайлату; зерттеу жүргізу және шешім шығару кезінде формальды тәсілді алып тастау болып табылады.
    Ол сондай-ақ а.ж. 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының нақты мұқтаж азаматтардың жиынтық кірістері мен шығыстарын айқындап, халыққа әлеуметтік көмек көрсету тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырған тапсырманың орындалу барысында ҚР Әлеуметтік кодексіне түзетулер әзірленген.
    Атап айтсақ, АӘК тағайындау кезінде азаматтардың мынадай шығыс түрлерін ескеру ұсынылады:
    1.тұрғын үйді және (немесе) жеңіл автокөлікті меншікке сатып алу;
    2.ипотекалық қарызды қоспағанда, отбасының әрбір мүшесіне айына бір ең төмен күнкөріс деңгейінен жоғары мөлшерде банктік қарыздар және (немесе) микрокредиттер ресімдеу;
  1. адамның (отбасының) банктік шоттары бойынша жиынтығында отбасының әрбір мүшесіне айына кедейлік шегінен асатын шығыс операцияларының болуы;
  2. ипотекалық депозитті қоспағанда, бір отбасына 200 АЕК-тен астам мөлшердегі жинақ салымының, депозиттің болуы.