Бізде тек жаңа қуаттар мен жаңа АЭС алу мүмкіндігі емес, ғылымды дамыту, өз ғалымдарымызды тәрбиелеу, жастарға лайықты жұмыс ұсынып, болашақта үміт артатын мүмкіндігіміз бар. Одан бас тартуға болмайды.
– Мен жаңалықтарды қараймын, АЭС-ке қатысты барлық ақпаратты оқимын. Кейбір азаматтар бізді қорқытқысы келетіндей сезімде боламын. Бірақ мен АЭС-тің қалай жұмыс істейтіндігі, қандай қауіпсіздік шаралары қабылданатындығы туралы барлық сұрақтарыма жауап алдым. Оның бізге қажет екендігіне ешқандай күмәнім қалмады.
Мырзахан ТӘЖИЕВ,
«Шалқар аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі жөніндегі инспекторы.