Қазақстанда атом электр станциясын салу – елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы үшін маңызды қадам. Бұл шешім көмір мен газға деген тәуелділікті азайтып, экологиялық таза энергия көздерін дамытуға мүмкіндік береді. АЭС тұрақты және сенімді энергия көзі бола отырып, көмірқышқыл газының шығарындыларын төмендетуге және жаһандық жылынумен күресуге ықпал етеді.
АЭС салу ел экономикасын нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жоғары технологияларды енгізуге жол ашады. Сонымен қатар, Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін арттырып, болашақ ұрпақтың энергияға деген сұранысын қамтамасыз етудің тұрақты шешіміне айналады.
Таңшолпан ХАЛЫҚ,
Тоғыз ауылдық округінде кітапханашы.