Инновация мен экологиялық таза энергия өндірісі

Қазақстанда АЭС салу – елдің энергетикалық тәуелсіздігі мен тұрақты дамуын нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Әлем бойынша таза энергия көздеріне көшу жағдайында атом энергетикасы ең сенімді әрі экологиялық шешімдердің бірі болып отыр. АЭС парниктік газдардың шығарындыларын едәуір азайтуға мүмкіндік беріп, Қазақстанның ғана емес, әлемнің экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосады.

Сонымен қатар, АЭС құрылысы жаңа жұмыс орындарын ашып, инфрақұрылымды дамытып, елге инвестициялар тартуға септігін тигізеді. Бұл технологиялық прогреске серпін беріп, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін күшейтіп, инновация мен экологиялық таза энергия өндірісі жолындағы ел ретінде танытады.

Лариса ИЛЬЯС, Қорғантұз орта мектебі физика пәнінің мұғалімі.