Мемлекет басшысының медицина саласындағы білім сапасын арттыруға бағытталған бастамасы – қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып отырған білікті мамандар тапшылығын шешудегі маңызды қадам. Денсаулық сақтау саласының тиімділігі тікелей мамандардың кәсібилігіне байланысты, сондықтан медициналық білім беру деңгейін көтеру – болашақта халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттырады.
Грант құнын білім беру үдерістерінің деңгейіне қарай саралау және оны тиімді тарату мәселесі де өте маңызды. Бұл медициналық білім алуға ұмтылған жастардың сапалы әрі терең білім алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай қадамдар медицина саласындағы кадрлық әлеуетті күшейтуге, елімізде қажетті мамандарды даярлауға ықпал етеді.
Жалпы, денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы мен дамуы үшін білікті кадрлар даярлау – мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар міндет. Президенттің бұл бастамасы еліміздегі медицина саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды шаралардың бірі деп айтуға болады.
Гүлайым АЛПЫСБАЕВА, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері.