«Абайлаңыз балалар» атты акциясы өтуде

Ағымдағы жылы мамыр айының 20-30 аралығында Республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Абайлаңыз балалар» атты акция қарсаңында Қандаығаш ст. ЖПб-не қарасты Шалқар ст. ЖПб-нің қызмет ету аумағына қарасыты теміржолға жақын орналасқан мектеп оқушыларына профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Осылайша Шалқар қаласының мектеп оқушыларының және ата-ана назарына келесі мәлеметтерді жеткіземіз, яғни теміржол бойында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында жазатайым оқиғаларын алдын алу мақсатында теміржол бойында және жолаушылар поездарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға және теміржол бойында жүріп тұру қағидаларын бұзбауға шақырамыз. Темір жол аса қауіпті аймаққа жатады.Теміржол бойында абай болыңыз!

Шалқар станциясындағы желілік полиция бөлімі.