Көліктегі ПД-мен жоспарланғандай ағымдағы жылдың ақпан айының 26-нан бастап наурыз айының 1-і аралығында Шалқар ст. ЖПб-ң қызмет ету аймағында «ДӘРМЕК» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты — есірткі қуралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, заңсыз айналымын тоқтату, олардың заңсыз әкелуі жане әкеліну фактілерін, сондай-ақ бақылаудағы заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу.
Осы шара аясында химиялық-фармацевтикалық, өнеркәсіптік субъектілерде, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінде, деріханалар мен медициналық мекемелерде құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар дәрілік заттардың заңсыз айналымына жол бермеу, сондай-ақ,
онымен айналысатын тұлғаларды анықтау көзделген.
Шалқар станциясындағы желілік полиция бөлімі.