Ұлттық статистика бюросы stat.gov.kz ресми сайтында «2021 жылғы халық санағының» соңғы қорытындыларын жариялай бастады. Тақырыптық жинақтар талдаушылар үшін құнды дереккөз болып, барлық қажетті деректерді егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді.
Сайтта келесі бағыттар бойынша барлығы 9 жинақ жарияланады:
- «Қазақстан Республикасының халқы» (1-2 том)
- «Қазақстан Республикасындағы Ұлттық құрам, Діни наным және тілдерді меңгеру»
- «Қазақстан Республикасындағы білім беру»
- «Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру құралдарының кірістері мен көздері»
- «Халықтың көші-қоны»
- «Қазақстан Республикасында халықтың жұмыспен қамтылуы» (1-2 том)
- «Неке және отбасы»
- «Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтары»
- «Қазақстан Республикасындағы халықтың тұрғын үй сипаттамалары»
Бүгін сайт пайдаланушылары үшін «Қазақстан халқы» жинағының бірінші және екінші томы бойынша талдаушылар атап өткен негізгі қорытындыларды ұсынамыз.
(https://stat.gov.kz/news/ltty-statistika-byurosy-2021-zhyl-y-khaly-sana-yny-ta-yrypty-zhina-taryn-zhariyalay-bastady/)Жинақты қарау
(https://stat.gov.kz/national/2021/)
2009 жылдан бері халық саны 20% өсті
2009 жылғы санақтан бері Қазақстан халқы 20% өсті. Тиісінше, 2021 жылғы 1 қыркүйектегі санақ қорытындысы бойынша халық саны 19 186 015 адамды құрады.
Үш өңірде халық саны 2 млн адамнан асты – Алматы (2 146 576) мен Түркістан облыстары (2 054 021) және Алматы қаласы (2 030 285).
Бұл ретте санақ арасындағы кезеңде халықтың ең көп өсуі Астана қаласында – 2 есе (613 мыңнан 1 234 мың адамға дейін), Шымкент қаласында 1,5 есе (730 мыңнан 1 112,4 мың адамға дейін) және Маңғыстау облысында (485 мыңнан 735 мың адамға дейін) байқалды.
- Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары бойынша деректер санақ өткен уақытқа, яғни олар бөлінгенге дейін берілген. Бұл ретте жаңадан құрылған облыстардағы халық саны санақ деректерін ескере отырып қайта есептелген және stat.gov.kz сайтында жарияланған.
Жинақты қарау
(https://stat.gov.kz/national/2021/)
Гендерлік құрылым өзгеріссіз қалды
Қазақстандағы әйелдер саны ерлер санынан бұрынғыдай басым. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша олардың саны жарты миллионға (536,3 мың адамға) артық болды. Пайызбен айтсақ, ерлер үлесі – 48,6% (9 324 840 адам), әйелдердікі – 51,4% (9 861 175 адам).
Алдыңғы санақпен салыстырғанда ерлер саны 1,6 млн, әйелдер саны 1,5 млн артты. Қазақстанда 1000 әйелге 946 ерден келеді.
Бұл ретте ерлердің әйелдерге қарағанда арақатынасы тек екі өңірде – Қызылорда және Түркістан облыстарында көп, онда 1000 әйелге сәйкесінше 1006 және 1027 ер адамнан келеді.
Жинақты қарау
(https://stat.gov.kz/national/2021/)
Урбанизацияның әлемдік тренді Қазақстанда да байқалады
Санақ қорытындысы бойынша қала тұрғындарының үлесі 5 пайыздық тармаққа өсті, 56,1%-дан 61,2% дейін. Тиісінше, ауыл халқының үлесі 43,9%-дан 38,8% дейін азайды.
Қала халқының саны 2,7 млн-нан астам адамға артты.
Өткен 12 жыл ішінде қала халқының ең жоғары өсімі еліміздің 6 өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында байқалды.
Ең урбанизацияланған аймақ – Қарағанды облысы, онда халықтың 80% қала тұрғындары (1 млн-нан астам адам).
Республикалық маңызы бар қалалар бойынша, санақ кезінде Астанада 1,23 млн адам тұрды, елорда халқы 12 жылда 2 есе өсті. Алматыда халық саны 2,03 млн адамды құрады, мегаполис тұрғындарының саны 580,6 мың адамға артты. Шымкент қаласының халқы 1,1 млн тұрғынды құрап, 381,6 мың адамға өсті.
Жинақты қарау
(https://stat.gov.kz/national/2021/)