Нақты істердің бастауы

Ағымдағы жылдың 29 маусымында еліміздің бас қаласы Астанада «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумы өтті. 2500-ден астам партия мүшесі қатысқан форумның мақсаты – елімізде жүргізіліп жатырған саяси реформалардың нәтижесі ретінде депутаттар мен мәслихаттар жұмысындағы өзгерістерді ілгерілету. Билік тармақтары арасында тепе-теңдікті сақтайтын мемлекеттік саясаттың жаңа моделінің қалыптасуы  саяси реформалардың жүзеге асуына байланысты болмақ.

Барлық деңгейдегі депутаттар Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған ауқымды саяси жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырып, тұрғындар тарапынан туындаған, халықты толғандырып отырған өзекті де өткір мәселелерді шешуге қабілетті болуы қажет.

Алғашқы форум – нақты істер мен айқын мақсатты жобаларды жүзеге асырудың бастамасы боларына сенім мол. Жиыннан түйген әсер ерекше. Мақсат – мұраттарға жұмыла кірісуге тағы бір қадам жасалды!

Жарылғасын Шамбалаев, «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы.

Posted Under
Санатталмаған