Ағымдағы жылдың сәуір айының 12-і күні Шалқар станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлерімен «Бөтеннің мүлкін қорғау» тақырыбында жолаушылар поездарының жолаушыларына түсіндірме профилактикалық сұхбат жүргізілді. Сонымен қоса республика бойынша өткізіліп жатырған «Қару акциясы» және теміржол бойындағы қауіпсіздік ережелері жеткізілді.
Шалқар қаласының тұрғындары мен жолаушылардың назарына, теміржол көлігінде, жолаушылар поездарында әкімшілік тартіпті сақтауға шақырамыз!
Өйткені Шалқар станциясынан өтетін жолаушылар поездарының бірінде жолаушылап келе жатқан «Т» есімді азамат вагон ішінде өз орынында алкогольдік өнім «Арақ» ішіп, жан-жағына сыйламаушылық білдіргені үшін, Шалқар станциясынан поездан түсіріліп ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Е.ҚҰЛМАНОВ, Шалқар ст. ЖПБ бастығы, полиция капитаны.