Қару тапсыр да, қаражат ал

Қаруды тапсыру арқылы 345 мың теңгеге дейің қаражат алуға болады.
2023 жылдың 10 сәуірінен бастап мемлекет заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алуды жүзеге асыратын болады.
«Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады»,-деп еске салады көлік полицейлері.
Барлық туындаған сұрақтар және мәселелер бойынша 87133370226 телефон нөмірі арқылы Көліктегі полиция департаменті Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөліміне жүгіну қажет екенін нақтылайды.
Ерікті тапсыру үшін мемлекет қарудың әрбір бірлігі үшін 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейің төлейді (1АЕК 3450 теңге).

Е.ҚҰЛМАНОВ, Шалқар ст.ЖПБ бастығы, полиция капитаны.

Posted Under
Санатталмаған