Баршаңызды еңбек пен берекенің, бірлік пен татулықтың бастауы болып саналатын тамаша мереке — Наурыз мейрамымен құттықтаймын!
Наурыз — сонау ерте заманнан тамыр алған, тарихи мазмұны терең, халықтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен астасқан, әлеуметтік-рухани мәні мен маңызы зор мейрам. Наурыз — ата-бабамыздың даңқын дәріптеген дәстүрлі рәміз. Бүгінгі биік рухымыздың да өрелі мәдениетіміз бен өнеріміздің де өзегі осында. Олай болса, біз үшін бұл күн — риясыз шаттық пен қуанышқа толы мереке. Наурыз мейрамы — бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы. Наурыз мейрамы қай кезде де қай заманда да еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі болып келген.
Әз-Наурыз бізге әлемде орын алып жатқан оқиғаларды ой елегінен өткізе отырып, көптеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт қатар өмір сүріп отырған еліміздегі ауызбіршілік пен үйлесімділікті бағалауға мүмкіндік береді.
Ұлыстың ұлы күні — жаңғыру мен жаңарудың, еңсесі биік елдіктің, татулық пен ынтымақтастықтың, ырыс пен молшылықтың мерекесі.
Құрметті шалқарлықтар!
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Еліміздің аспаны бар кезде ашық болып, жеріміз бейбітшілік мекені болсын! Отанымыздың әрбір шаңырағында амандық, молшылық пен тоқшылық орнап, барлық армандар орындала берсін! Табысты дамыған елімізде тыныштығы мен жасампаз жақсылығын ала келсін!
Ақ мол, жыл жемісті болсын!
Аудан әкімі Бауыржан Қаниев.