Ағымдағы жылдың 19 сәуір күні Партияның аудандық филиалы ғимаратында Шалқар аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өткізілді. Депутаттық фракцияның отырысына аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Жанкелді Былқайыр төрағалық жасады және аудандық мәслихат хатшысы С.Бигеев, аудан әкімінің орынбасары Қ.Ақшолақ, аудан әкімдігінің бөлім басшылары арнайы шақырылып, депутаттық фракция мүшелері Г.Оралмағанбетова, Ж.Шамбалаев, Ж.Абденова, А.Тлеужанов, Е.Малаев, Г.Махат, А.Оспанова, Ж.Абденова қатысты.
Күн тәртібінде Шалқар ауданы бойынша «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу мәселесі талқыланды.
Күн тәртібі бойынша баяндама жасаған «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы, фракция мүшесі Жарылғасын Шамбалаевтың айтуынша, 2021 жылы Жол картасы аясында Мөңке би, Шыманұлы ауылдарына ауыз су құбыры жүргізілді, Жылтыр ауылына дәрігерлік амбулатория салынып, Байқадам ауылындағы фельдшерлік пункт, Бегімбет ауылындағы Б.Сүлейменов атындағы мектеп жөндеуден өткізілді, 1 жедел жәрдем көлігі, қажетті медициналық құрал жабдықтар сатып алынып, әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға үй берілген. Жол картасының 2021 жылы орындалуы 95,9 пайызды құрап отыр, егер 2022 жылға шегерілген көрсеткіштер толықтай орындалатын болса, 98,9 пайызды құрайды. Фракция отырысында бірқатар ұсыныстар айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.