АРДАГЕРЛЕР БАС ҚОСҚАН ТАРТЫМДЫ КЕШ

1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Бегімбет ауылдық клубында клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Көп жасаған қария — ақылы теңіз дария» атты кездесу кеші өтті. Кешке ауылымыздың зейнеткерлері мен ардагер-ұстаздары шақырылды. Айшуақ ауылдық округінің әкімі О.Әбшанов және Бегімбет ауылдық клубының меңгерушісі Ә.Бисен қарттарымызды мерекелерімен құттықтады.

Аталмыш шарада ауылымыздың өнерпаздары А.Сағынадинқызы «Ақ әжем»,  М.Бекетұлы «Асыл әжем», Б.Сабанбаева «Ауылым» әнін нақышына келтіріп орындады. Сонымен қатар Р.Дауысбаева «Қазақ биін» биледі. А.Болатжанқызы «Өкінбеу керек өмірге», Ә.Сағынадин «Өмір мәні осындай» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Ардақты қарттарымыз өздерін жылы қарсы алып, көрсетілген құрметке марқайып, алғыстарын білдірді. Тамаша концерт үшін клуб ұжымына ризашылығын жаудырды.

Гүларман ЕРИШОВА,

Бегімбет ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы.