АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті шалқарлықтар!

Сіздерді 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ел Тәуелсіздігінің арайлы ақ таңы атқанына биыл жиырма тоғыз жыл толып отыр. Тәуелсіздік алғанға дейінгі алғашқы жылдары халқымыз көптеген қиындықтарды бастан өткерді. Бірақ, уақыт өте келе ол қиыншылықтар артта қалды. Тарихымыз қайта парақталып, ұлттық рухымыз жаңғырды. Ел тарихынан тағылым алатын ақтаңдақтардың сыры ашылды, тіліміз де діліміз де жаңа белестерге бет түзеді. Татулық пен тұрақтылық орныққан еліміз ынтымақ ұясына, бірліктің төріне айналды.
Тәуелсіздік күні — жас ғұмырын ел бостандығы үшін күреске арнаған боздақтардың жанкешті ерлігі мен қайсарлығын еске алатын қастерлі мереке. Сондықтан да бүгінгі күн — ата-бабамыз аңсаған арманы жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы тарихи күн.
Осындай тәуелсіз ел болу мәртебесін көру — бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт деп білемін.
Еліміздің Тәуелсіздігі күнімен тағы да баршаңызды шын жүректен құттықтай отырып, әр отбасына зор денсаулық, шаңырақтарына шаттық, берекелі бірлік тілеймін.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын.
Жаңа ғасырда қайта түлеген еліміздің болашағы баянды болғай!

Аудан әкімі Жанболат ЖИДЕХАНОВ.